Іс-шара Ақтөбе қалалық ІІБ Астана аудандық №1 мемлекеттік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Руслан Аслан Медетханұлының, сондай-ақ полиция бөлімінің қызметкері Нұрлан Төлеуовтың қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – оқушыларда есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Дәріс барысында полиция қызметкерлері есірткінің зияны, олардың таралуы мен қолданылуына жауапкершілік туралы түсінікті түрде айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай шаралар өскелең ұрпақты өз денсаулығына саналы көзқараспен тәрбиелеуге және болашақта болуы мүмкін қылмыстардың алдын алуға септігін тигізеді.