Ауа райы

  Ақтөбе қ.  
 

Мекеме туралы мәлімет
Мекеменің атауы: «Облыстық арнайы мектеп-балабақшасы» КММ

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 96, 3 ғимарат.

Құрылған жылы: 1975 ж

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған балабақша мектебінің ашылған жылы: 1997 ж

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшаның директоры:

Аймағанбетова Эльмира Мырзабайқызы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің «Физика және информатика пәнінің мұғалімі», Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ді «Дефектология» бітірген.  Санаты: көшбасшы.

Телефон: 73-09-78
Жалпы ауданы: 1735 ш.м
Пайдалы ауданы: 1137,8 ш.м
5 оқу кабинетінің ауданы 340,82 ш.м.

Топтық бөлмелердің ауданы 728 ш.м.
Мамандар кабинеттерінің ауданы 65,5 ш.м
Музыкалық зал, спорт залы кабинеттерінің ауданы 64 ш.м.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Камалова Фарида Борисовна, «Дефектология» АСПИ бітірген, екінші санатты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Кравец Ольга Юрьевна, Ақтөбе «Дүние» университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген,  жоғары санатты.
Әдіскер – Сәркей Эльмира Айдосқызы, Қ.Жұбанов атындағы АРМУ «Дефектология» мамандығы бойынша бітірген.

Даму тарихы

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-бақшасы

1975 жылы No57 «Чебурашка» балабақшасы ашылды. Орыс және қазақ тілдерінде оқытатын 12 жалпы білім беретін топ болды.

Ашылған жылы: 1997 ж

Қала әкімінің 10.10.1997 жылғы No1120 қаулысы негізінде ММ No57 мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылды. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-бақша оқу-тәрбие кешені №45 01.09.1997 ж.

Қалалық білім бөлімі бұл мекеменің штаттық кестесіне тиісті өзгерістер енгізді. Диагностикалық және коррекциялық жұмысты жақсарту және психикалық дамуы тежелген бастауыш және мектепке дейінгі жастағы балаларға жағдай жасау мақсатында дефектологтар мен логопедтерге қосымша ставкалар енгізілді.

Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту туралы:
Облыс әкімінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 396 қаулысы негізінде № 45 психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-балабақшадан, «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балалбақша» КММ болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта мекемеде 7 мектепалды даярлық тобы, орыс және қазақ тілдерінде оқытатын бастауыш мектеп жұмыс істейді.

Материалдық-техникалық базасы жарақтандырылды, мамандар кабинеттері ашылды. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-бақшасы жыл сайын материалдық-техникалық базаны кеңейтуде.

Мемлекеттік мекеменің аттестациядан өтуі: 2007, 2014 ж.