Ауа райы

  Ақтөбе қ.  
 

 

Іс-шара Ақтөбе қалалық ІІБ Астана аудандық №1 мемлекеттік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Руслан Аслан Медетханұлының, сондай-ақ полиция бөлімінің қызметкері Нұрлан Төлеуовтың қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – оқушыларда есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Дәріс барысында полиция қызметкерлері есірткінің зияны, олардың таралуы мен қолданылуына жауапкершілік туралы түсінікті түрде айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай шаралар өскелең ұрпақты өз денсаулығына саналы көзқараспен тәрбиелеуге және болашақта болуы мүмкін қылмыстардың алдын алуға септігін тигізеді.

2

Мектеп- балабақшада «Әдеби қаһармандар шеруі» атты шығармалар көрмесі өтті.Балалар ертегілердегі сүйікті кейіпкерлерін әртүрлі тәсілдермен бейнеледі: мүсіндеді, сурет салды, жапсырды.Мұндай көрменің мақсаты - балаларды шығармашылыққа баулу, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша, Елбасының идеяларын жүзеге асыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында «Ризашылық - мейрімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасында жас ұрпақты толеранттыққа тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрін зерттеу арқылы, балалардың бойында рухани адамгершілікті дамыту барысында 2019 жылғы 14 қаңтар - 28 ақпан аралығында - ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілген байқауда Ақтөбе қаласы, КММ «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету-мектеп балабақша», оқушылары *«ҚАЗАҚСТАН - МEНІҢ АЛТЫН БЕСІГІМ» номинациясының жүлдегерлері: * 1-дәрежелі Мамаева М, 2-дәрежелі Нуриев А, Турар А, Сериккали Д, 3-дәрежелі Исмаганбетова Ж, Микишев М, Мадаева К, * «АЛТЫН ҚОЛДАР» номинациясы жүлдегерлері:* 1-дәрежелі Соколова А, 2-дәрежелі Гнетиев А, Турмаганбетов Г, 3-дәрежелі Ғабит Н, Вельш В, Мажикен К, Иржанова А, Болатбай Д. диплом жүлдегерлері атанды. Мектеп басшысы Э.М.Аймағанбетова құттықтап, зор құрметпен дипломдарын табыстады. Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы көркем және сәндік-қолданбалы өнер арқылы олардың тұлғалық ресурстарын көрсетуіне шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамыту процесінде өздерінің даралықтарын сезінуге ықпал етті.

Балалар күні мерекесіне "Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы" КММ-сінің тәрбиеленушілеріне Сакилбаев Нурлан Куанышевич өз атынан Keruencity ойын сауық орталығына тегін кіру карточкаларын табыстады. Осындай іс-шараны ұйымдастырған жерлесімізге алғысымызды білдіреміз.

"Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы" КММ-сінің ұжымы 14 наурыз - Көрісу күні, амал мейрамы күнінде мектеп-балабақша білім алушылары мен ата-аналарын дастархан жайып, қыстан аман-есен шыққанына қуанып, қол алысып көрісіп "Жасың құтты болсын! Бір жасқа есеюіңмен!" деген тілектер білдіріп, төс қағыстырып амандасып қарсы алды.

"Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы" КММ-сінде Бадамша ауылы, "Айгөлек" балабақшасында орын алған оқиғаға байланысты, педагог қызметкерлерге алдын-алу шаралары бойынша өндірістік жиналыс өткізілді.