Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасында жаңадан келген педагогтарды психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс істеуге бейімдеу бағдарламасы бойынша жас педагогтармен жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.
2016 жылдың 3 қарашасында баланың психофизикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша түзету-педагогикалық жұмысты қамтамасыз ету мақсатында «Психикалық дамуы тежелген балалармен педагогтардың түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» жас мамандарға семинар-практикум өткізілді: денсаулықты қорғау және баланың физикалық дамуы, оның танымдық және әлеуметтік дамуы.