КММ "Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы" мекемесінде ата-аналарға арналған "Ата-ана бола білу-өнер" атты психолог сағаты өтті. Бұл іс-шара арнайы ерекше білім қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына: отбасы жағдайында балаға білім алуға көмек көрсету және жағымды жағдай жасауға бағытталған. Ата-аналар психологиялық тренингтерге қатысып, көңіл-күй саласын қалыптастыру, ойлау қабілетін, танымдық процестерін түзете-дамыту жұмысының әдіс тәсілдерімен танысты. Ата-аналар оқушы ретінде шебер кластарға қатысып, тапсырмалар орындау арқылы жұмыстың әр кезеңіндегі психологиялық жағымды жағдайдың әсері ерекше екендігін атап өтті.
Бала- бақыт, бала-бақ,
Болашағы Ата-ана
Сіздерге аманат!