"Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақша" КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.06.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрылғаны туралы хабарлайды. Осыған байланысты Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне үміткерлер ұсыныстарын электрондық поштаға жібере алады This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру қамқоршылық кеңестің мүшелігіне үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.