Ауа райы

  Ақтөбе қ.  
 

ҚР Білім және Ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қорының" ұйымдастыруымен өткен ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға арналған Республикалық пәндік олимпиадада КММ "Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-балабақшасының 3-4 сынып оқушылары қазақ тілі, орыс тілі және математика пәндері бойынша жоғарғы деңгейдегі 1- орынмен ,үш оқушы 2- орынмен, төрт оқушы- 3 орынмен, үш оқушы марапатталып, жоғары деңгейдегі жеңімпаздар дайындағаны үшін Республикалық 3 кубоктың бірін мектебіміз иеленіп және мектеп басшысы Э.М.Аймағанбетова арнайы "Алғыс хатпен", сонымен қатар, жетекші мұғалімдері де арнайы "Мадақтама қағазымен" мадақталды.

 

Ағарту саласындағы адал еңбегі, университет кітапханасының жұмыс сапасын арттырудағы кәсіби шеберлігі және қол жеткізген жетістіктері мен нәтижелері үшін «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы» КММ-сінің кіиапханашысы Уразалина Кымбат Задагалиевна Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

«Білімдегі инновация: тәжірибе, ізденіс және перспективалар» атты мұғалімдер, психологтар және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы» КММ-сі педагогтардың іс-тәжірибесінен жинақталған әдістемелік нұсқаулықтарды ұйымдастарлыған көрмеде ұсынды. Ұсынушылар: мекеме дефектологтары И.В.Парай, А.В.Пастушенко.