Ауа райы

  Ақтөбе қ.  
 

Облыстық арнайы білімді қажет ететін арнайы түзету мектеп-балабакша 

балалары "Ложкари" балалар оркестрі жетекшісі: Муканова Толкын Исламгалиевна дәстүрлі өтетін республикалық "Juldyzai-2022" байқауына қатысып 2 кезеңнен өтіп ,жеңімпаз атанып 

Балалар жылы аясында Ақтөбе облысы білім басқармасының қолдауымен @bilim_basqarmasy_aqtobe рухани астанамыз  Түркістан шаhaарында 1 апта демалып, "Juldyzai-2022" лауреаттары және Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысуымен  өткен Гала концертте өнер көрсетіп "Juldyzai" корпоративті қоғамдық қорының қолдауымен @juldyzai.fond бағалы сыйлықтар мен  дипломдармен марапатталды  Керемет әсер алып келген балалардың қуанышында шек жоқ.

24.06.22 1


 

2022 жылдың 21маусымында "Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы" КММ-нің оқушылары облыстық "Жұлдызай" ұлттық ойындар спартакиадасына қатысты.

Біздің балаларымыз жеңіл атлетика бойынша жүлделі орындарға ие болды. 50 м.қашықтыққа жүгіруден Котлярова Екатерина 1орын иеленді. 

4*25 м. эстафеталық жүгіруден Андреев Алексей, Котлярова Екатерина, Котлярова Кристина,Коротов Роман жүлделі 3 орындарды иеленді.

"Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы КММ" 4*25 м.

эстафеталық жүгіруден  жүлделі 3 орын алып, дипломмен 


ПДТ балаларға арналған Ақтөбе облыстық арнайы түзету мектеп-балабақша КММ
1-қыркүйек Білім күні 1 сынып оқушыларына арналған іс-шарада Білім табалдырығына алғаш қадам басқан балдырғандар білімге даңғыл жол ашар "Әліппе" оқулығымен қайта қауышып, сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен шаттық көңілге бөленді.

Құттықтап Білім күнімен,
Сыйланар сізге "Әліппе".
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп, оны дәріпте.

Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың әріппен.
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - Әліппең
- деп,  бүгінгі мектеп есігін ашқан 1 сынып оқушыларына Әліппе оқулығы салтанатты түрде табыс етіліп, сәтті қадам, таудай талап, ақ тілектер жолданды.
Білім күні құтты болсын!

 

"Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақша"КММ жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиын өтті.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін қызыққа толы кезең басталды.Іс-шара балалардың көңіл күйлерін қуанышқа бөлегенін шаттанған жүздерінен байқауға болады!
1 класс оқушыларына Букварь оқулығы тарту етілді.Бұл оқулық бүлдіршіндерге білім әлемінің даңғыл жолын ашатын болады!

1


19.04 1 19.04 1