Ауа райы

  Ақтөбе қ.  
 
Қазақстан Республикам-алтын күн, 
Жанымызда жарқылдайтын жарқын күн. 
Атандың сен барлық әлем тілінде, 
Атыменен “Қазақ” деген халқыңның. 
Облыстық арнайы мектеп-балабақша” КММ-нің 3 “ә” сыныбында 25 қазан Республика күніне орай “Менің Отаным-Қазақстан” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 
Мақсаты: оқушыларды Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімге баулу, туған жерін көркейтуге және қорғауға жауапкершіліктерін ояту, болашаққа жарқын сенім қалыптастырып, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу. 
Сабақ барысында балалар Отан туралы ән шырқап, өлеңдер айтып, түрлі дамыту ойындарын ойнау (мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешу, додекаэдр, пазлы, т. б.) арқылы ойлау қабілеттері, сөйлеу тілін дамытып, мерекелік көңіл-күйде болды. 
Сынып жетекшісі: Тайжанова А.Т.