19.05.2023 ж
Жалпы оқушы саны -6
Қатысқаны -5
Күн тәртібінде
а/ ІV тоқсан қорытындысы
ә/ «Тұлғаның психологиялық үйлесімділігі» дәріс
(дефектолог)
б/ Қауіпсіздік ережелері (видеоролик)
в/ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Сариева А.Р сөз алып, сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне тоқталды. 4- тоқсан бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі қанағаттанарлық, дегенмен кейбір оқушыларға әлі де тырысу керектігін айтты.Комиссия шешіміне қорытынды шығарылды. Яғни сыныпта екі оқушының диогнозы алынды.Алда уақытта бұл оқушыларға жақсы сенім артамыз. Жалпы сыныптағы барлық оқушыға сәт-сапар деймін. Жаз бойы балалармен араласып,ауылға барып таза ауа жұтып келулеріне кеңес берді. Сынып жетекші оқушыларға мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырды. Сыныптағы оқушылардың мектепте өз-өзін ұстауы, мұғалімдерді сыйлауы керектігі айтылды. Басқа сынып оқушыларыменде тату болуы, олармен етене араласып, дос болуға шақырды.
Екінші мәселе бойынша сынып дефектологы Қабақбаев Б.Н сөз алды. «Тұлғаның психологиялық үйлесімділігі» тақырыбында дәріс тыңдалды.
Үшінші мәселе бойынша «Қауіпсіздік ережелері» атты видиоролик көрсетіл ді. Каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін әр ата-ана есінде сақтауы тиіс.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» сауалнама
Бұл сауалнаманы алудың мақсаты:
Ата-аналардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; мектепішілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ата-аналар ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру. Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналардың жемқорлық туралы мәліметті толық игермегені анықталды. Ата-аналармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша анонимді сауалнама қорытындысы.
№ |
Сұрақ |
ия |
жоқ |
1 |
Сізге мұғалімдер сіздің балаңызбен жеке ақы үшін қосымша айналысуды ұсынды ма? |
|
100 % |
2 |
Сіздің балаңыз оқитын білім беру ұйымында ата-аналар жиналысында «жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбын талқыладыңыз ба? |
100% |
|
3 |
Сіздің балаңыз оқитын білім беру ұйымы көрсететін қызметтердің тізбесі туралы жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру аясында тегін, қажетті және шынайы ақпараттың барын білесіз ба? |
100% |
|
4 |
Сіздің балаңыз оқитын жалпы білім беру ұйымында ата-ана ретінде қандай тәртіппен және қандай жағдайларда ерікті қайырымдылық немесе мақсатты жарна енгізе аласыз? |
|
100% |
5 |
Ақша жиналған жағдайда сіз пайдалана алатын қабылдау бөлмелердің электрондық мекен жайларын және «сенім телефондарын» білесіз бе? |
100% |
|
6 |
Сені біреу жәбірлеп ақша жинауға қысым жасай ма? |
|
100% |
7 |
Мұғалімдерге,мектеп әкімшілігіне сыйлыққа ақша жинауға сізге қысым жасала ма? |
|
100% |
Нәтижелері:
- Іс жүзінде барлық сұралғандар қандай да бір мәселені шешу үшін пара беру мүмкіндігін мойындайды.
1. 4- тоқсан қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Әр ата-ана каникул кезінде балалардың қауіпсіздігіне, тәртібіне көбірек көңіл бөлсін.