- Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз "Сүйікті Әліппемен"
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, 42 әріптермен --
деп,
мектеп табалдырығын алғаш аттағанда қолдарына ұстаған барлық Білімнің бастауы, Ғылымның атасы, болашағымыздың негізі Әліппені бітіру ертеңгілігі ПДТ балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балбақшасы КММ 1 "ә" сыныбында да өте тамаша өтті.
Оқушылар керемет көңіл-күймен өздерінің оқып, жазып үйренгендерін тақпақ, ән, билері арқылы ортаға салды.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Өнер менен білім оқып, үйреніп
Өсе берсін біздің ой мен санамыз, - деген үлкен ынтамен білімдерін шыңдауға ұмтылыстарын білдірді