Бастауыш сыныптарда Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай тәрбие сағатар өтті
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға
баулу.Отанға деген сйіспеншілігін арттыру.
2. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың
ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
3. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды үлкен
адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге,өз Отанын сүюге
тәрбиелеу.
Мұғалімдер бейнероликтер арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиға туралы мәліметтер берді. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 60 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларымыз.
Радио сөйлейді. 1945 жыл. Біз жеңдік!